Энергетика

Қ.Бозымбаев Пекинде өтетін G20 елдерінің энергетика министрлерінің кездесуіне қатысады

Қазақстан Республимкасы энергетика министрі Қанат Бозымбаев G20 елдерінің энергетика министрлерінің кездесуіне қатысады, ол 2016 жылдың 29-30 маусым айларында Пекин қаласында өтеді.
Астана қаласы29 Маусым , 20:03

G20 министрлері халықаралық энергетиканың даму перспективаларын, жаңартылатын энергия көздерін талқылайтын болады, ағымдағы саясаттың мәселелерін, жақсы тәжірибе мен іс әрекеттерді, сондай-ақ қаржыландырудың механизмдерін және энергияға қолжетімді жақсарту үшін бизнес-модель сынды мәселелерді талқылайды, деп ведомствода хабарлайды.  

Тараптар 2030 жылға тұрақты даму саласында БҰҰ мақсаттарының талаптарына сәйкес барлығы үшін қолжетімді, сенімді, тұрақты және жаңа энергияның күшін біріктірудегі  дайындықтарын айтты.

Кездесу барысында G20 қатысушы-елдер және Азия-Тынық мұхит аймақтарына энергияға қол жеткізу мәселесі бойынша ұсыныстар берілетін болады: ерікті қаржылық қолдау, жұртшылықтың қатысуы, орталықтандырылмаған энергия жүйесі, әлеуетін күшейту, өңірлік кешенді жүйе, үйлестірілген ел қолдауы және инновациялы бизнес-модель.

«Министрлер G20 энергетика министрлерінің және G20 жұмыс тобының тұрақты энергетика бойынша  кездесуі энергетикалық мәселелерді талқылау үшін өте маңызды платформа болып табылады деп есептейді»,-деп хабарламада айтылған.

Сонымен қатар, министрлер тұрақты энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, ынтымақтастық арқылы энергетикалық қауіпсіздікті жақсарту және арттырудың ортақ міндеттемелеріне және төтенше шаралар, энергия көздері мәселелерін әртараптандыру сынды диалогтарға көңіл бөледі.

Кездесу қорытындысында G20 елдерінің энергетика министрлері кездесуінің бірінші Коммюникесіне қол қойылааы және ол Ханчжоудағы  G20 Саммитінде таныстырылатын болады.

Осы шара аясындла ҚР энергетика министрі Қ.Бозымбаев бірқатар елдердің энергетика министрлерімен екіжақты кездесу өткізеді




Яндекс.Метрика