Парламент

Мәжілісте сәулет және құрылыс күзетіне енгізілген өзгерістер мақұлданды

Мәжiлiс депутаттары «ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк сатып алу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң жобасын бiрiншi оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды BNews.kz.
Астана қаласы27 Қараша , 12:26

«Заң жобасы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңының нормаларын қолданбай мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалардан тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу кезiнде олардың жасырын монополиясын болғызбау мақсатында әзiрленген», - делінген хабарламада. 

Заң жобасында Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекске, Бюджет кодексiне, «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс күзетi» және «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңдарға өзгерiстертермен толықтырулар енгiзу ұсынылып отыр.

Мәселен, сыбайлас жемқорлықты азайту, өнiм берушiнi бiлiктiлiк тұрғыдан iрiктеуге бақылауды күшейту мен қамтамасыз ету мақсатында заң жобасында Қазақстан Үкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен айқындалған бюджеттiк бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша конкурс және аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу үшiн Үкiметтiң, облыс, республикалық маңызы бар қала және Астана әкiмдерiнiң мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушыны құру ұсынылады.




Яндекс.Метрика