Қазақстан және БҰҮ

Е. Тоғжанов: Қазақстанның БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі болып сайлануы – әлемдегі елдің жоғары мәртебесінің көрсеткіші

Қазақстанның БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі болып сайлануы – әлемдегі елдің жоғары мәртебесінің көрсеткіші, деді Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов Астанадағы ҚХА депутаттық корпусының отырысында.
Астана қаласы29 Маусым , 17:43

«Біздің ел Орталық Азия бойынша  БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің мүшелігіне енген алғашқы ел.  Бұл ҚР Президенті- Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  ішкі-сыртқы саясатының нәтижесі. Бұл Қазақстанның ортақ жеңісі», - деді Е.Тоғжанов.

ҚХА төрағасының орынбсары  айтып өткендей,  Қазақстанның БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі болып сайлануы – әлемдегі  елдің жоғары мәртебесінің көрсеткіші.

«Бар әлем бойынша Қазақстанның Семей ядролық полигонын жабу бастамасы да қолдауға ие болған; АӨСШК ұйымының бастамасы; Қазақстанның ЕЫҚҰ-ға төрағалығы; Орталық Азияда  ядролық қарусыз аймақ құру; G-Global ұстанымының негізінде  әлемдік бейбіт орнату бастамасы Қазақстанды көшбасшыға айналдырды.  Елбасының «Әлем. XXI ғасыр» манифесі БҰҰ ресми құжатына айналды», - деді ол.

Қазақстан 138 дауыстың 129 қажеттісін жинады.Бас Ассамблеяда өткен дауыс беру кезінде Қазақстан 138 мемлекеттің қолдауына ие болды. Ол бұл сайлауда 55 дауыс жинаған Таиланд мемлекетінен басым түсті.

Айта кетейік, Азия-Тынық мұхиты аймағы мемлекеттері атынан 1 орынға Қазақстан және Таиланд елдері таласқан болатын.Дауыс берушілердің үштен екісінің қолдауына ие болып, Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесіне 2 жылға тұрақты емес мүше болып сайланды, 1 қаңтардан бастап қызметін бастайды.

Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика