EXPO-2017

Е.Шорманов: ЭКСПО-2017-нің 5 мыңнан астам билеті 20 күн ішінде сатылды

20 күн ішінде ЭКСПО-2017-нің 5 204 билеті сатылды.Бұл туралы ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы туризм жөніндегі семинар-кеңесте «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» басқарма төрағасының орынбасары Ербол Шорманов мәлімдеді.
Астана қаласы29 Маусым , 17:26

«10 маусымнан бастап көрменің билеттері онлайн-сатылым арқылы үлестірілді. Бүгінгі күнге дейін  5204 билет сатылды, оның 10 пайызы шетелдіктерге сатылған. Туристік саланың субъектілері  көрмеге аса жоғары қызығушылық танытып, 200 мың билетті сатып алуға мүдделі болып отыр», - деді Е.Шорманов.

Ұлттық компания ірі шетелдік туроператорлармен жұмыс жүргізуде. Бүгінде  ынтымақтастық туралы 30 келісімге қол қойылған. Сондай-ақ, отандық туроператорлар тур топтамаларды қалыптастыруға қатысады. Елдің 14 аймағында 50 келісім орнатылды. Қазіргі таңда  РФ-нің шекаралық облыстарымен роуд-шоу  жүргізілуде.

 




Яндекс.Метрика