Өңірлер

Маңғыстау облыстық соты мен облыс әкімдігі өзара ықпалдастық туралы меморандумға қол қойды

Маңғыстау облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Рахметулла Хайруллин мен Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев «Дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарының қолдануын кеңейту және жан-жақты дамыту, ақпараттық технологияларды сот ісін жүргізуде кеңінен қолдануы, алқабиге кандидат үміткерлердің тізімдерін іріктеу туралы» Меморандумға қол қойды.
Маңғыстау29 Маусым , 20:27

Облыстық соттың баспасөз қызметі айтып өткендей, облыс әкімі А.Айдарбаев аталмыш құжаттың маңыздылығына тоқталып,  меморандум  дауды шешуде қоғамдағы  келіспеушілік  дәрежесін төмендетуге, сонымен қатар,   жағымды құқықтық орта қалыптастыруға  бағытталған альтернативті рәсімдерінің қоғамдық-саяси маңыздылығын атап өтті.  

 Р.Хайруллин: «Серіктестік туралы қол қойылып отырған  құжат, даулардың сотқа дейінгі және соттан тыс шешілуін реттейтін институттарды енгізуді нығайтуына септігін тигізіп, Елбасының 100 нақты қадамда баяндалған міндеттерді іске асыруға бағытталғанын» атап өтті.                              

Маңғыстау облысының әкімі А.Айдарбаев  жәке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін сақтауға жағдай жасау   мақсатында  облыстық соттың бастамасын қолдап, қолдау көрсететінін білдірді.              

 




Яндекс.Метрика