Ұлт жоспары 100 нақты қадам

2016 жылы ЖҚЖК-ның жаңа бастамаларын жүзеге асыруға 63 млрд теңге бағытталады

2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген 100,8 млрд.теңгенің 63 млрд. теңге көлеміндегі бөлігі жаңа бастамаларды жүзеге асыруға бағытталатын болады, деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.
Астана қаласы29 Маусым , 16:28

Әлеуметтік-еңбек саласының мәселелеріне тоқтала келе, Тамара Дүйсенова халықты жұмыспен қамту мақсатында ҚР ДСӘДМ «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» (әрі қарай – «ЖҚЖК 2020») бағдарламасын жүзеге асырып келе жатқанын еске салды.»Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында аталған бағдарлама жаңғыртылған болатын. Онда жұмыс орындарын сақтауға негізделген жаңа құралдарды қарастырылды. Бұл – білікті мамандардың жоғалған еңбекақысының бір бөлігін субсидиялау, жұмыс берушілерге өз қызметкерлерін оқытуға арналған гранттарды беру (қайта даярлау мен бліктілікті арттыру), жұмыс орындарын міндетті түрде сақтау шартымен жұмыс істейтін жастарды кәсіби оқытуды ұйымдастыру», - деді министр

2015 жылы бағдарламаның барлық бағыттары бойынша 167 мың адам, оның ішінде ашық бос орындарына азаматтар жұмысқа орналастырылды. Олардың 85%-ы тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды (142 мың адам). 

«Сонымен қатар, 6 мыңнан астам адам өз бизнесін ашу мен ұлғайту мақсатында  микрокредит алды, олар 6,1 мың қосымша жұмыс орындарын ашты. 14 мың адам тегін кәсіби оқытуға жіберілді, 24,5 мың адам мемлекет субсидиялаған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, 1,2 мың адам жаңа мекен-жайға көшірілді. Оларға тұрғын үй беріліп, жұмыспен қамту шаралары көрсетілді. 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген 100,8 млрд.теңгенің 63 млрд. теңге көлеміндегі бөлігі жаңа бастамаларды жүзеге асыруға бағытталатын болады», - деді министр. 

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика