Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда профилактикалық тексеру тәртіптері жеңілдетіледі - ДСӘДМ

Қазақстанда профилактикалық тексеру тәртіптері жеңілдетіледі, деді ДСӘДМ басшысы Тамара Дүйсенова халық алдында берген есебінде.
Астана қаласы29 Маусым , 16:04

«Ересек тұрғындарды профилактикалық тексеру тәртіптері жеңілдетілмек. Азаматтар міндетті профилактикалық тексеруден өту кезінде (жұмысқа тұру немесе оқуға барар кезде және т.б.) мерзімі өтпеген жағдайда, денсаулығы жайында медициналық анықтаманы халыққа қызмет көрсету орталықтарында ала алады. Ал бағдарлы мамандарға қаралу қажеттілігі туындаған жағдайда олар ХҚКО-да емхана мен қызмет көрсету уақытын таңдай алады», - деді Т.Дүйсенова.  

Министр атап өткендей,  диспансерлік есепте тұрған ауруларға жеңілдігі бар дәрілік заттарды беру процедураларын оңайландыру қарастырылуда. Дәрігерлер жеңілдігі бар дәрілер рецептін созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұратын пациенттер үшін тоқсанына бір рет, қымбат дәрілер алатын ауыр түрдегі сырқаттанғандар үшін ай сайын жазып беретін болады.

Оның айтуынша, дәріханалар пациенттерге берілген рецептер негізінде сәйкес дәрілік заттарды беріп, олардың есебін жүргізеді. Ресцептерді келісімдерден өткізу  автоматты тәртіпте «ИСЛО» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылатын болады. Оны апробациялау ағымдағы жылғы шілдеден бастап Астанада жүргізілмек.

«Ауруларды ерте кезеңде анықтауға ерекше көңіл бөлінетін болады. ДДСҰ сарапшыларымен бірге Ұлттық скринингтік бағдарламаның тиімділігі анықталды. Нәтижесінде жас бойынша мақсатты топтың құрамы мен скринингті өткізу жиілігін қайта қарау қажеттілігі туралы шешім қабылданды», - деді министр.

 




Яндекс.Метрика