Ұлттың денсаулығы

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның барлық мектептерінде бастауыш сынып оқушылары арасында шаршағандықты төмендету бойынша бағдарлама іске асырылады

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының барлық мектептерінде «Бала-аман» бағдарламасы жүзеге асырылады. Бұл бастауыш сынып оқушылары арасында шаршағандықты төмендету үшін әртүрлі жаттығуларды көрсетуді, деп ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.
Астана қаласы29 Маусым , 15:57

«Бала-аман» бағдарламасы әзірленді. Бұл бастауыш сынып оқушылары арасында шаршағандықты төмендету үшін әртүрлі жаттығуларды көрсетуді; нақты мысалдар арқылы дұрыс мүсін қалыптастыруға; дұрыс тамақтану дағдыларына; балаларды медициналық алғашқы көмек көрсетуге үйретуді қарастыратын веб-ресурс болып табылады»,-деді министр.

Оның айтуы бойынша, бұл бағдарлама пилоттық тәртіпте 2016 жылғы қыркүйек айынан бастап желтоқсан айына дейін Астана және Алматы қалаларының мектептерінде, ал 2017 жылдың 1 қантарынан еліміздің барлық мектептерінде іске асырылады.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика