Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

ШҚО аграрилері астық түсімінен рекордқа қол жеткізді

ШҚО диқандары соңғы 10 жыл ішіндегі рекордтық астық түсімін алды. Орташа шығымдылық гектарынан 18,3 центнер болса, облыста биыл миллион тоннадан артық астық жиналған, облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шығыс Қазақстан27 Қараша , 12:22

«Астықтан басқа майлы дақылдар, картоп пен өзге көкөністерден де алынған өнім ауқымды. Биылғы өнім көлемі облыс тұрғындарын толық қамтуға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.   

« Бүгінгі мерекеде мен ауыл шаруашылық саласындағы барлық еңбеккерлердің арқасында өңіріміздің биылғы жылды зор табыстармен аяқтап, жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізгенін айрықша атап өткім келеді»,- деді облыс әкімі Б.Сапарбаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне.

Өсім мал шаруашылығы саласынан да байқалады. Тірі салмақтағы ет өндірісі 236 мың тоннаны құраса, сүт 755 мың тонна, жұмыртқа 142 млн дана өндіріледі деп күтілуде. Мұның өзі өткен жылдағы көрсеткіштен анағұрлым жоғары. Оған қоса ірі-қара мал басы 1,8%, ұсақ мал 0,1%, жылқы 8,7%, құс 16,7% және омарта 3,9% өсімі байқалады.

 Ауқымды жетістіктерге ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген шаруалардың еңбегі мен мемлекеттік қолдау нәтижесінде қол жеткізіліп отыр. Мәселен, ағымдағы жылы «Агробизнес-2020» бағдарламасы арқылы ғана агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 11,7 млрд.теңге бөлінген, бұл 2012 жылдағыдан 40 пайызға жоғары. Осындай бағдарламалар өндірістік инфрақұрылымды нығайтуға мүмкіндік беріп отыр.

Облыс шаруалары осы жетістіктермен тоқтап қалмай, ауыл шаруашылығын әрі қарай дамытуға ниетті. Жоспарда саладағы еңбек өнімділігін 17 %-ға арттырып, келесі жылы ет экспортын бір мың тоннаға жеткізу және пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, іске кірістіру бар.

 

 




Яндекс.Метрика