Қазақстан және БҰҮ

Б.Әйтімова: Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуы – ядролық қаруға қарсы көпжылдық жұмыстың нәтижесі

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуы – бұл Тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап ядролық қарусыз әлемге келуді ұсынып келе жатқан елімізді қолдау деп білемін, деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова.
Астана қаласы29 Маусым , 16:54

«Мен Қазақстан азаматтарын  БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуымен, осынау тарихи оқиғамен құттықтаймын. Бұл  - Тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап ядролық қарусыз әлемге келуді ұсынып келе жатқан елімізді шынайы қолдау»,-деді Б.Әйтімова.

Осыған байланысты сенатор, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың ажырамас рөлін атап өтті.

«Мемлекет басшысының «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесі – бұл соғыс вирусына қарсы күресі. Құжат Қазақстанның, қазақ халқының және оның Көшбасшысының соғыстың барлық түрімен күрес ұстанымында екенін әлемге паш етті»,-деді Сенат депутаты.

Б.Әйтімова Қазақстанда бейбітшілік пен бірлік ту еткен 130 этнос өкілдері тұрып жатыр. Енді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі қазақстандық дипломаттар қазақстандық тәжірибені пайдаланып, түрлі кикілжіңдердің алдын алуға болатын үлгісін көрсететін болады, дейді.

«Әр шиеленіс жағдайы бойынша Қауіпсіздік кеңесінде Қазақстанның өзінің ұстанатын позициясы болуы керек. Бұл қазақстандық дипломаттардың белсенділігін, жауапкершілігін арттырады және Қазақстанның жаһандық үрдісті дұрыс түсінетініне сенім ұялатады»,-деді Б.Әйтімова.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика