Ұлттың денсаулығы

Т.Дүйсенова: Мектеп медицинасы денсаулық сақтау министрлігіне беріледі

Мектеп медицинасы Денсаулық сақтау министрлігіне беріледі, деді ДСӘДМ басшысы Тамара Дүйсенова халық алдында берген есебінде.
Астана қаласы29 Маусым , 15:34

«Балалар арасындағы аурулардың алдын алу мақсатында мектептегі медицина білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне берілетін болады. Тиісті нормативтік- құқықтық актілер дайындалды. Дайындалған сауықтыру шараларының күнтізбесі балаларды жыл бойы сауықтыруды қарастырады: балаларды профилактикалық тексеру мамандар бригадасын шығару арқылы білім беру ордаларында жүзеге асырылатын болады; оқу кезеңі мен демалыс уақытында сауықтыру шараларын ұйымдастыру; мектептерде мүсін мен көрудің бұзылуын алдын алу шаралары, қосымша дәрумендеу, физиотерапиялық процедуралар, «функционалдық» тамақтану азық-түліктерін қолдану (қышқыл сүт өнімдері), фитопрепараттар мен оттегі коктейлін қолдану және т.б. сияқты денсаулық сақтау технологияларын енгізу», - деді Т.Дүйсенова.

Қаңтар-наурыз айларының аралығында профилактикалық тексерумен 2,6 млн. оқушы немесе оқушылардың жалпы санының 97,9%-ы қамтылды. Аурудың алғаш рет анықталуына байланысты диспансерлік есепке 305,8 мың (11,4%) оқушы тіркелді.




Яндекс.Метрика