Өңірлер

Павлодар облысында көпірлердің құрылысына отандық материалдар қолданылуда

Павлодар облысында жол салу ісі қарқындап тұр. Бүгінгі таңда мұнда 15 көпірдің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Павлодар29 Маусым , 14:49

Ертіс өзені арқылы өтетін көпір өткелін салу және жаңарту аясында Ертіс өзені, Усолка өзені және Щучье көлі арқылы өтетін төрт көпір салынып жатыр. Көпірдің тіректерін, бұрғылау арқылы қадалған бағаналарын орнату, металдан жасалған құрылғыларды орнату жұмыстары аяқталды, енді өтпелі бөлікті жабындау жұмыстары ғана қалды. Аркалы көпірде металдан жасалған аралық құрылғылар жиналып, орнатылды, арканың құрылымы орнатылып жатыр.

Көпірлер арасында салынып жатқан автожолдарда да жұмыс қарқынды жүріп жатыр, жұмысқа қажетті жол салу техникасы және 414 адам жұмылдырылған. Жер жабынын төгіп алу жұмысы атқарылған, жолды төменгі қабатына дейін қаптау жұмысы аяқталды, тауарлық бетон шығаруға арналған инерттік материалдар дайындалып жатыр. Қазіргі уақытта алмұрт тәріздес бөгетті, траверстерді және жақтауларды нығайту жұмыстары жүріп жатыр, су өткізгіш науалар орнатылуда, электрмен жабдықталған сыртқы жарықтандыру жұмыстары орындалуда.

Нысанға арналған негізгі жол салу материалдары, яғни, қиыршық тас,  құм-гравий қоспасы, битум және басқа да материалдар жергілікті кәсіпкерлерден сатып алынды. Ертіс өзені арқылы өтетін негізгі көпірге арналған  цемент, металл және ванттар басқа аймақтардан әкелінуде. Атап өтетіні, бұл жобаны іске асыруға шағын және орта бизнестің қоғамдық тамақтандыру және көлік қызметін көрсететін жүзге жуық кәсіпорны қатысып отыр.

Жуырда Павлодар облысының әкімі көпір өткелі құрылысының барысымен танысты. Телімде еңбектеніп жатқан мамандар жаңа технологиялар бойынша салынып жатқан Ертіс өзені арқылы өтетін аркалы көпір Ертіс өзені жағалауын көріктендіре түсетінін айтты.

«Сөзсіз, бұл аймағымызда іске асырылып отырған еліміздің аса ірі инфрақұрылымдық жобасы. Көпір баршамызға республикамыздың Тәуелсіздік күніне тамаша сыйлық болмақ»,-деді Болат Бақауов.

Алайда, бұл облысымызда көпір салу саласында іске асырылып отырған жалғыз жоба емес. Қазірде облысымыздың автомобиль жолдарында көпірлер, көлік тораптары мен жол өтпелері қарқынмен салынып жатыр. Астана – Ерейментау – Шідерті телімінде «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша екі көлік торабы мен жол өтпесін салу жоспарланып отыр. Ал Қызылорда  - Павлодар – Успенка – Ресей Федерациясының шекарасы телімінде тоғыз көлік торабы салынуда және Ертіс-Қарағанды арнасы арқылы өтетін көпір жаңартылып жатыр. Оған қоса, Ульяновский – Керней – Үміткер – Баянауыл – Майқайың – Қалқаман   автомобиль жолының телімінде Ащысу өзені арқылы өтетін көпірде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

 




Яндекс.Метрика