Инвестициялар

Ресейлік банк қазақстандық аграршыларға техника алу үшін 716 млн рубль бағыттайды

«ҚазАгроҚаржы» АҚ 7 жыл мерзімге ресейлік серіктес тарапынан 716 млн. рубль сомасына қаржыландыру берілу туралы РОСЭКСИМБАНК АҚ банкімен (РЭО тобына енеді) екі жақты кредит келісіміне қол қойды, деп хабарлады “ҚазАгро” АҚ.
Астана қаласы29 Маусым , 13:47

Бұл қаражатқа «Комбайновый завод «Ростсельмаш ЖШҚ өндірісінің 115 бірлік жоғары технологиялы ауыл шаруашылығы техникасын қазақстандық аграршыларға кейін лизингке табыстау үшін сатып алу жоспарланып отыр.

«Ресей рублі біз үшін Ресей Федерациясы өндірісінің техникаларын сатып алудың жаңа қаржыландыру көзі болып отыр, - дейді «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландыру тарту бөлімінің бастығы Әсел Әлжан. «Бүгінгі таңда техника жеткізушілері сауданы қаржыландыру үшін банктерді тартатын үрдіс байқалады.», - деп сұхбатын тәмамдады Әсел Сәлімжанқызы.

Айта кеткен жөн, «РОСЭКСИМБАНК» компаниясымен жасалған мәміле, қазіргі таңда баға саясатының қолжетімді болғандығынан ғана емес, сонымен қатар жеңілдетілген логистикалық және кедендік рәсімдерінің арқасында үлкен сұранысқа ие болған ресейлік өндірістің техникасына деген отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады.




Яндекс.Метрика