Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

«Қазақмыс» кеніштері жер асты байланысымен қамтамасыз етілуде

Қазақмыс кеніштерінде жер асты байланысы, телефон, дауыс ұлғайтқыш, радио байланысы мен ғаламторға қосылу шаралары қолға алынуда, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан 27 Қараша, 12:00

«Жер асты байланысын дамытудың екінші кезеңінде жылжу бағыттарын бақылау мен жер астындағы қауіпті жағдайларды алдын ала хабарлауға мүмкіндік беретін кеніштегі жылжымалы техника мен жұмысшыларды жайғастыру жұмыстары қарастырылған», - делінген хабарламада.

2012 жылы басталған кеніштерді жер асты байланысымен кешенді қамтамасыз ету жұмыстары кәсіпкерлік тарапынан басқару жүйесін жеңілдету мен болуы мүмкін қауіптерге қарсы алдын ала шара қолдануға мүмкіндік берілмек. Кеншілер қандай тереңдікте болса да, енді жер бетіндегі жұмысшалармен еркін байланысқа шығып, кез келген уақытта көмек сұрай алады.

Заманауи технологиялар компания үшін еңбек қауіпсіздігін кеңейтуге мүмкіндік бермек. «Бұл әрдайым тұрақты түрде кеніштегі жағдайды бақылап отыру. Барлық жерде бақылау камералары орнатылған. Төтенше жағдайлар кезінде біз жедел шараларды қолға ала аламыз. Ал оқиғадан кейін нақты сараптама жұмыстарын жасауға да жағдай жасалған», - деп мәлімдеді Ертіс кеніші мен еңбек қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Олег Назаров.

Аталмыш жер асты байланыстары Орлов және Шатыркөл кен орындарында іске қосылды. Осындай жұмыстар Жомарт, Нұрқазған, Ертіс және өзге де кен орындарында аяқталу үстінде.

Қазақмыстың IT тобы желілік шешімдерді қалыпқа келтіру басқарма тобының бастығы Юрия Дорофееваның айтуынша, Ертіс кенішінде жер асты байланысын дамытудың бірінші кезеңі аяқталды. «Төрт ай ішінде видеобақытаудың сымсыз желісін орнату, сонымен қатар кеніште дауыс ұлғайтқыш байланысы мен мобтльді байланыс іске қосылды. Осының барлығы үшін жер астында 7 км сым тартылды».

Қазір Ертіс кенішінде жер асты байланысымен 4 горизонт қамтылған. Сонымен қатар жер астындағы видеобақылау жүйесі орнатылған. Олар негізінен жұмыс орын көп шоғырланған жерлер мен темір жол бойларына қойылған. Камерадағы ақпарат бірден диспечерге келіпр түседі. Келер жылы аталмыш жұмыстардың екінші кезеңі жоспарланып отыр. Онда жұмыскерлердің қайда жүргенін анықтайтын қондырғылар орнатылып, автотранспорт байланысы жүргізілмек.





Яндекс.Метрика