Қазақстан және БҰҮ

М. Башимов: Қазақстанның БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі болып сайлануы мемлекеттің сыртқы саяси қызметіне берілген баға

Қазақстанның БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі болып сайлануы мемлекеттің сыртқы саяси қызметіне берілген баға болып есептеледі. Бірінші кезекте Мемлекет басшысы – ҰР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қайраткерлігі еңбегі, деді Еуропалық құқық және адам құқығы сараптамылық институтының директоры, ҚР Сыртқы істер министрлігі қоғамдық кеңесінің мүшесі Марат Бәшімов Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұқбатында.
Астана қаласы29 Маусым , 12:46

Бүгін Қазақстанның 2017-2018 жылдарға Азиялық-Тынық мұхит тобынан Біріккен ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланғаны белгілі болды.

Еуропалық құқық және адам құқығы сараптамылық институтының директоры М.Бәшімов егемен Қазақстан үшін мұндай жағдай тарихи маңызды әрі айрықша оқиға, деп атап өтті.

«Мәселе, Орталық Азия елдерінен ешқашан ешбі мемлекет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып көрген жоқ. Бұл ұйым Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған болатын. Оған бар-жоғы бес тұрақты мүшелер кірген. Олар Кеңес Одағы, АҚШ, Франция, Ұлыбритания және Қытай. Барлық шешімдер солар арқылы өтетін. Кейіннен тұрақты емес мүшелермен толықтырылды. Барлық контененттен және аймақтардан сайланған олар 10 болды. Енді міне алғаш рет тәуелсіздік жылдарында Қазақстан өтіп отыр. Қазақстан соңына дейін мүшелікке өтетініне сенімді болған жоқ. Өйткені мықты бәсекелестер болды. Бірақ, біздің ел жоғары дауыс жинап, БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі болып сайланды»,-деді сарапшы.

Қазақстанның кандидатурасын 193 БҰҰ мүше-мемлекеттердің дауыс беруге қатысқан 138 мемлекеті қолдаған. Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің орынына  55 дауыс жинағанТайландпен таласқа түсті. Қазақстанмен қатар тұрақты емес мүшелікке Эфиопия, Боливия және Швеция сайланды. Тағы бір орын үшін Нидерланд пен Италия арасындағы бәсеке әлі жүріп жатыр.

«Қазақстан артық дауыс жинады. Қазақстанға дауыс берді және сенім артты. Яғни, Қазақстан әлем мен қауіпсіздік, ядролық қарусыздану, жаһандық проблемалар мен халықаралық   өзгерістерді көре білу, терроризмге қарсы әрекет ету мен жаһандық қауіп мәселелерінде көптеген елдердің сеніміне ие болды. Бұл біріншіден, Мемлекет басшысы – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және мемлекеттің сыртқы саяси қызметіне берілген баға деп есептеймін. Өйткені Мемлекет басшысының бейбітсүйгіштік бастамалары БҰҰ әсер етті»,-деді М.Бәшімов.

Содай-ақ Марат Бәшімов бебітсүйгіштік бастаманы еске сала отырып, жақында ғана БҰҰ «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесін қабылдағаны туралы айтып өтті.

«Бұл мемлекеттің сыртқы саяси қызметі мен Сыртқы істер министрлігінің жұмысына берілген баға деуге болады. Дипломаттардың тынымсыз еңбегінің арқасы. Сондықтан сыртқы саясат ведомствосының жұмысын жоғары бағалауға болады. Бұл жерде Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен сыртта жүрген барлық дипломаттардың еңбектері ерен»,-деп атап өтті ол.

ҚР СІМ хабарлағандай, біздің ел БҰҰ сияқты маңызды саяси органның құрамына енген Орталық Азиядағы тұңғыш мемлекет. Осы ретте айта кететені жайт, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде ресми түрде 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап кірісіп, 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін атқаратын болады.

«Менің ойымша алдағы 2 жылда Қазақстан соғыссыз әлем идеясы стратегиясын жүзеге асыратын болады. Өйткені біздің мемлекет әрқашан тек сыртқы саяси тұрақтылықты ғана еемес, сонымен қатар, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында тер төгіп келеді»,-деп атап өтті сарапшы.

Осылайша, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі құқығына ие болуы еліміздің тәуелсіздік алған кезден бастап атқарған үлкен еңбегінің нәтижесі. Семей ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартуы, төмен байытылған уран Банкін құрып, басқа да нақты бастамаларды әлемдік қоғамдастыққа паш етуі, сөзсіз ерен ерліктерге жатқызуға болады.

«Терроризм мен экстремизм актілері – бұлар бүкіләлемдік қауіп. Егер әлемде тұрақтылық болса, әрине Қазақстанда да тұрақтылық болады. Біз үшін террористік және экстремистік әрекеттер мүлде қажет емес. Қазақстан – бейбітсүйгіш ел. Бізде барлық дін де, этникалық топтар да бар. Сондықтан бізге ешқандайда теріс әрекеттер керек емес, керісінше тек тұрақтылық қажет»,-деді сарапшы.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 15 мемлекет мүшелік етеді. Ұлыбритания, Қытай Халық Республикасы, Франция, Ресей Федерациясы және Америка Құрама Штаттары – Кеңестің тұрақты мүшелері. Одан бөлек 10 тұрақты емес мүше мемлекетті Бас Ассамблея екі жылға сайлайды. Әр жыл сайын оның бесеуі жаңарып отырады.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика