Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Қ.Есекеев: ALTEL және Теле2 желілік қамтуды кеңейту үшін шамамен 200 млн долларды инвестициялауды жоспарлап отыр

ALTEL және Теле2 желілік қамтуды кеңейту үшін шамамен 200 млн долларды инвестициялауды жоспарлап отыр, деп басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев «Қазақстелеком: инновация стратегиясы» атты Астанада өтіп жатқан форум барысында мәлім етті.
Астана қаласы29 Маусым , 12:23

«Қыркүйек айында біз ALTEL және Теле2 операторларын біріктірген болатынбыз. Жоба шеңберінде біз үлкен желіні салдық. Мысалы, біздің тарапымыздан 2900-ден астам базалы станция болды, ал Теле2 тарапынан – шамамен 4500 базалы станция. Қазір біз осы екеуін біріктірдік және біріктіріліген компания көлемінде біз оны 200 млн долларға дейін инвестициялаймыз. Мүмкін, бұл қолданушылар үшін сапалы және үлкен желінің бірі болады»,-деді Қ.Есекеев.

Оның айтуы бойынша, 5 жыл ішінде компания 33 пайыз ұялы байланыс нарығын қамтуды жоспарлап отыр.

«Алдағы жылы нарықтағы ірі оператордың бірін құрайтын боламыз, біз алдағы 5 жыл ішінде нырықтың 33 пайызына үміттенеміз. Үлкен және сапалы желіні құру үшін компанияға 200 млн доллардай қаражатты инвестициялау жоспарлануда. Сонымен қатар, қазіргі күні мобильді нөмірлердің қаншалықты қолданылатындығы қаралуда – статистика бойынша, біріккен операторға басқа абоненттің қолданушылары көшуде»,-деді ол.

 Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика