Қазақстан және БҰҮ

Мемлекеттік хатшы: БҰҰ Қауiпсiздiк кеңесiне мүше болу – Елбасының, Қазақстан халқының жеңiсi

БҰҰ Қауiпсiздiк кеңесiне тұрақты емес мүше болып сайлану – Елбасының, Қазақстан халқының жеңiсi. Ақордада өтiп жатқан ҚР Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығын өткiзу бойынша мемлекеттiк комиссияның кезектi отырысында ҚР Мемлекеттiк хатшысы Гүлшара Әбдiқалықова осындай пiкiр бiлдiрдi.
Астана қаласы29 Маусым , 12:04

«Қазақстан БҰҰ-ның Қауiпсiздiк кеңесiнiң 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесi болып сайланды. Бұл – Елбасының, жалпы Қазақстан халқының жеңiсi. Осы жеңiспен сiздердi құттықтаймын», - дедi Мемлекеттiк хатшы.

Айта кетсек, кеше БҰҰ Бас Ассамблеясында өткен дауыс беру нәтижесінде Қазақстан дауыс берген 193 елдің 138-нiң қолдауына ие болды. Сөйтіп, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің екi жылға тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Қазақстан осы сайлаудағы басты бәсекелесі Тайланд елінен 55 дауысқа басым түстi.Өткен жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2016-2017 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне Мысыр, Сенегал, Украина, Уругвай және Жапония елдері сайланған болатын.

 




Яндекс.Метрика