Қазақстан және БҰҮ

Қ.Тоқаев: Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне қабылдануы – отандық дипломатияның тарихи жеңісі

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне қабылдануы – отандық дипломатияның тарихи жеңісі, деді Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының кеңейтілген отырысында.
Астана қаласы29 Маусым , 12:01

«Кеше Қазақстан БҰҰ-ның Қауiпсiздiк кеңесiнiң 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесi болып сайланды. БҰҰ Бас Ассамблеясында өткен дауыс беру нәтижесінде Қазақстан дауыс берген 193 елдің 138-нiң қолдауына ие болды. Сөйтіп, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің екi жылға тұрақты емес мүшесі болып сайланды», - деді Қ.Тоқаев.

Ол айтып өткендей, бұл оқиға биылғы жылы отандық дипломатияның тарихи  жеңісі.

«Бұл біздің конструктивті саясаты бар ел екеніміздің айғағы. Қазқастандық дипломаттар тобы, қоғам қайраткерлері  бұл іске өз үлесін қосты, оның ішінде Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова да бар. Біз Қазақстан бұл миссияны аса жауапкершілікпен атқаратынан сенім артамыз», - деді Сенат спикері.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика