Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл

Г. Әбдіқалықова аймақтардың ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу бойынша дайындықтарын тексерді (ФОТО)

Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Елбасы Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу бойынша мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыста онлайн-желі арқылы аймақ әкімдері мерейтойға байланысты дайындықтары бойынша есеп берді.
Астана қаласы 29 Маусым, 11:57

«Мемлекет басшысының  тапсырмасын орындау аясында ҚР Үкіметі азаматтық қоғам институтымен бірге Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жеке іс-шара жоспарын ұйымдастыруда. Бүгін біз жоспарға алынған іс-шараларды талқылаймыз, сонымен қатар аймақтар бойынша да дайындықты қарастырамыз. Селектрлі желі арқылы бізге аймақ әкімдері, Астана және Алматы қалалырының әкімдері желіге шығады, бүгін барлық аймақ акцент жасайтын болады. Біз бүгін барлық жұмыс кездерін талқылауымыз керек, сонымен қатар түрлі болып жатқан мәселелерді де»,-деді Г.Әбдіқалықова.

Сонымен қатар, отырыс барысында ҚР Мемхатшысы ҚР мәдениет және спорт министрінің, ҚР білім және ғылым министрінің және ҚР ақпарат және коммуникация министрінің баяндамасын тындады.

Отырыс барысында Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

 «Ақпарат және коммуникация министрлігі біздің еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығын ақпараттандыру процесіне аса көп көңіл бөлетін болады. Ақпараттық науқанның мақсаты халықтың патриоттық сезімін жоғарылату, еліміздің негізгі жетістіктері көрсетілетін болады. Көрсететін, таныстыратын нәрселер бар. Менің ойымша, ақпараттық компания жетістікке жетеді. Біз шамамен 25 зәкірлі жобаны таныстырамыз, қазір оның барлығы пысықталуда»,-деді ҚР АКМ Дәурен Абаев.

Министрдің айтуы бойынша, ақпараттық жұмысқа деген тәсілді өзгерту жоспарланған және тек бікітілген медиажоспар ғана қолданылмайды, сонымен қатар мақсатты тәсілдер де қолданылады, яғни әрбір халыққа арнайы жобалар ұсынылатын болады.

Жиын қорытындысында Мемлекеттік хатшы жоспарланған іс-шараларды сапалы және мерзімінде ұйымдастыруды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, комиссия мүшелеріне жұмысты әрі қарай ұйымдастыруға байланысты бірқатар нақты тапсырма берді

Суретке түсірген Бауыржан Жуасбаев





Яндекс.Метрика