Парламент

Парламент төлем мен төлем жүйелері туралы заңды ратификациялады

Парламент «Төлем мен төлем жүйелері туралы» заңды жалпы отырыста ратификациялады.
Астана қаласы29 Маусым , 11:38

«Төлемдер мен төлем жүйелері туралы» ҚР Заңының мақсаты – төлем жүйелерінің қызметін кешенді регламенттеу, төлемдік қызметтер нарығын реттеу, қолданыстағы банк практикасын жетілдіру, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту.Құжатта банк қызметтерінің айқындылығын арттыруға, банктердің клиенттердің төлемдерін және ақша аударымдарын орындау мерзімдерін қысқартуға, банктік емес төлем ұйымдарының қызметтерін пайдаланған кезде құқықтарды қорғауға бағытталған бірқатар жаңалықтар қамтылған», - деді Ұлттық банк төрағасы Дәурен Ақышев.

Бұдан бөлек, заң жобасында Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне оларды «Төлемдер мен төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының нормаларына сәйкестендіру мақсатында өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

«Бұл орайда негізгі ұғымдар жинақталған, мәселен, « төлем жүйесі», «операор»  мен «төлем жүйесіне қатысушылар» мен төлем жүйелері мен ұйымдарының тәртібі бекітіледі. Олардың классификациясы енгізіліп, халықаралық стандартқа сәйкестендіріледі», - деді Д.Ақышев.

«Сондай-ақ, Ұлттық банкте жеке банктік емес төлемдерді тіркеу есебі енгізіледі. Сондай-ақ, төлем агенттерінің жұмыс тізімі құрылады», - деді Д.Ақышев.

Сондай-ақ, заң жобасы төлем мен ақша аудару тәртібінің анықталуын қарастырады. «Бұл орайда төлем құралдары  мен үрдістің негізгі әдістері қарастырылған», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Заң жобасы аясында төлем қызметінің тұтынушыларының қызығушылығын қорғау үшін бірқатар жаңашылдықтар қарастырылған.

Ол айтып өткендей, заң жобасы Ұлттық банктің топтамасын қарастырып, мемлекеттік бақылау негізіне бекітіледі.

Парламент Сенатының депутаттары «ҚР төлем және төлем жүйелері туралы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Заңын қабылдады.

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика