Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

«Қазақтелеком» АҚ 2025 жылға қарай ақпараттық-коммуникациялық технологияның нарықтағы үлесінің 50% алуды жоспарлауда

2025 жылға қарай «Қазақтелеком» АҚ 2025 жылға қарай Қазақстанның ақпараттық-коммуникациялық технологиясының нарықтағы үлеінің 50% алуға және компанияның акционерлік құнын екі есе көтеруге ниетті, деп мәлімдеді «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев «Қазақтелеком: инновациялар стратегиясы» форумында.
Астана қаласы29 Маусым , 11:32

«2025 жылға қарай біз телефонияны тіркеу пайызын бекіткіміз келіп отыр. Нарықтың 75% үлесі тіркелген Интернет. 33% мобильді телефонияны біздің біріккен компания береді. Біздің компания барлық инфроқұрылымымен кез-келген үлкен корпоративті клиентті алуға дайын. Біздің инвестициялық қайтарымымыз 18% жетеді, деп жоспарлап отырмыз. Ішкі тиімділігіміздің есебінен біз акционерлік құнымызды екі есеге арттырамыз және сол деңгейді сақтайтын боламыз»,-деді ол.

Сондай-ақ, «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев компания жаңа қызмет түрлерін меңгеруді жоспарлап отырғандығын атап өтті.

«Біз толыққанды инфокоммуникациялық шешімдерді іске асыруға дайынбыз. Жақын арада компания «ақылды» үй, «ақылды» көлік жəне т.б smart-жобаларды дамытатын болады. Компанияда стратегиялық міндетттерді іске асыру үшін техникалық адами ресурстар – сарапшылар мен техникалық мамандар жеткілікті. Проблемалар бар. Бірақ біз оларды шешіп жатырмыз», - деді Қ. Есекеев.

Іс-шараға мемлекеттік органдар өкілдері, Басқарма мүшелері, консалтингтік компания өкілдері, филиалдың бас директорлары, шетелдік сарапшылар қатысты.

Форум соңында «Қазақтелем» АҚ қызметкелері салалық «Үздік байланысшы» наградасымен салтанатты түрде марапатталды. Дəурен Абаев компанияның 32 қызметкеріне байланыс саласының жоғары марапатын табыстады.




Яндекс.Метрика