Білім беру саласындағы жұмыстың басымдықтары

ҚР Тұңғыш Президентінің Күніне орай Астанада Сейфуллин оқулары өтеді

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күніне арналған «Сейфуллин оқулары-9: Жоғары білім берудің жаңа көкжиектері» атты республикалық конференция өтеді, деп оқу ордасының баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы27 Қараша , 12:10

«Шара барысында  Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Қ.С.Сұлтанов «Тұңғыш  Президент - Ұлт тұлғасы», ҚР БжҒ Министрлігінің ғылым Комитеті төрағасының орынбасары Л.А.Құсайынова  «ҚР  заманауи білім берудің келешегі мен даму жолдары», «Назарбаев Университет» ААҚ-ының  академиялық сапа даму жүйесі департаментінің Директоры С.И.Керімқұлов «Назарбаев Университет - жаңа жоғары білім берудің жаңа бағыты» т.б. баяндама жасайды», - делінген хабарламада.

Конференция барысында «Ғылым әлемі оқушылар көзімен» атты мектеп оқушылары мен  С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУдың студенттері, магистранттары мен докторонттары арасындағы  қорытындысы байқаудың  жеңімпаздары марапатталады. Қазақстандық ғалымдардың жетістіктері туралы ғылыми көрме де ұйымдастырылған. 




Яндекс.Метрика