Басқару

«Нұр Отанның» Алматы филиалы жаңа партия мүшелерімен толықты

«Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, Алматы әкімі Бауыржан Байбек партияның 7 жаңа мүшесіне партия билет терін тапсырды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы29 Маусым , 10:23

«Нұр Отан» партиясы мүшелері қатарының тұрақты өсуіне және олардың сапалық құрамына барынша үлкен назар аударылуы көңіл қуантады. Сіздер Елбасының мемлекеттік саясатын белсенді түрде жүзеге асырып келесіздер. Әрқайсыларыңыз өз салаларыңызда алда болып, белсенді азаматтық позиция танытудасыздар. Ал партияға мүше болу сіздердің жеке шешімдеріңіз», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Әкім партия жұмысының нәтижелі болуы жергілікті жерлердегі бастауыш ұйымдар мен аудандық филиалдарға тікелей қатысты екендігін жеткізді. Мысалы, Алматыда биылғы жылдың 5 айы ішінде ғана партияның қалалық және аудандық қоғамдық қабылдауларында жергілікті атқару органдарының басшылары мен мәслихат депутаттары 2,5 мың адаммен жүздесіп, 300-ден астам азаматтарды қабылдау шараларын өткізген.

«Біздің басты міндетіміз - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қала тұрғындарына барлық жақсы жағдайларды жасау. Әрине, бұл күрделі міндет. Партия – саяси күш, үкіметтік емес ұйым, билік пен халық арасындағы дәнекер. Партияның бұрынғы және жаңа мүшелерінің мақсаты - қалалықтардың өзекті мәселелерін білу, түрлі партиялық механизмдер арқылы оларды ойдағыдай шешу, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын, бюджет қаржысының тиімді жұмсалуын қадағалау, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру»-, деді «Нұр Отанның» Алматы қалалық филиалының төрағасы.

Атап өтерлік жайт, партияның 7 жаңа мүшесінің үшеуі- әйелдер. Олдардың арасында кәсіпкерлер, медицина және білім саласының қызметкерлері бар. Шара «Нұр Отан» партиясының Бостандық аудандық филиалында өтті. Мұнда азаматтарды қабылдау үшін барлық жағдайлар жасалған. Қазіргі кезде қаланың 8 ауданының 7 -де партия филиалдарының жеке ғимараттары бар. Ендігі кезек - Наурызбай ауданынікі. Осылайша, Алматының 2020 жылға дейінгі даму Бағдарламасындағы басты қағидалар ойдағыдай жүзеге асуда. Бүгінгі күні Алматы қаласы бойынша «Нұр Отан» партиясының қатарында 78 862 мүше бар, 705 бастауш партия ұйымдары жұмыс істейді.

 

 




Яндекс.Метрика