Евразиялық одақ

ЕАЭО мен ҚХР сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі келісім бойынша келіссөздерге көшуге дайын

Пекинде Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда бойынша министрі Вероника Никишина мен ҚХР коммерция министрі Гао Хучэн Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) және ҚХР арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келіссөздер келісімнің даму сатысына көшу туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды.
Әлемде29 Маусым , 10:04

«Біз келіссөздерге дайындалу фазасын аяқтадық, ЕАЭО делегациялары мен Қытай тиісті мандатты алды және алдағы айда келіссөз үстеліне отыратын болады»,- деді Вероника Никишина.

Оның айтуы бойынша, біріккен өтініш болашақта жасалатын келіссөздердің күн тәртібі көрсетілген. «Тараптар кешенді түрде басты бағыттағы өзара сауда кешен ережесін дамытуды жоспарлауда. Оған техникалық реттеу, кедендік реттеу, интелектуалды меншік және тағы басқалар кіреді. Сонымен қатар, біз ынтымақтастықтың көп деңгейлі институтын құруға, сауда мен кооперацияны қолдау мен дамытуға ниеттіміз»,-деді ол.

Кездесуде бірлескен мәлімдемеге қол қойылды, министрлер келіссөздер үдерісін ұйымдастыру мен Келісімнің мәтінін дайындау мәселелерін талқылады.

Келіссөзде Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері, Еуразиялық одақтың ұлттық үкіметтері,  ҚХР Үкіметінің әр түрлі ведомстволары қатысады деп күтілуде.

ЕЭК-те хабарлағандай, болашақтағы Келісімнің бөлімдерінің жұмыстарымен нормативтік қағидаты бойынша бөлінген  бірнеше жұмыс тобы айналысатын болады, сонымен қатар мамандандырылған жұмыс тобы.

Министрлер шілде айында келіссөздер жүргізу делегациясының бірінші сарапшылар отырысы өтетіндігін келісті.  




Яндекс.Метрика