EXPO-2017

Токиода ЭКСПО-2017 көрмесіне Жапонияның қатысу тұжырымдамасының тұсаукесері өтті

Қазақстанның Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев және Жапонияның «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі ұлттық секциясының Комиссары Томиясу Накамура «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін таныстыру рәсіміне арналған біріккен брифинг өткізді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Әлемде29 Маусым , 09:43

Н. Накамура «Араласқан смарт технологиялар – тәжірибе мен мүмкіндіктер»  тақырыптағы жапон павильоны ең үлкен және үш бөліктен тұратынын атады.

Бірінші бөлігінде энергиялық проблемаларды шешу жөніндегі жапондық технологиялар таныстырылады. Екінші бөлігінде мультимедиялық зал орналасып, келушілерге болашақ энергияның технологиялық мүмкіндіктері көрсетіледі. «Шоу-кейс» атты үшінші бөлікте келушілер қазіргі заманғы алдынғы қатарлы технологиялармен таныса алады.

Жапон секциясының Комиссары «ЭКСПО-2017» көрмесі жаңғыртылатын энергия көздерінің ғылыми әлеуетімен таныстыруға тиімді алаңға айналып, осы саладағы көпжақты әріптестікті ілгерілетуге жаңа ынта беретінін атап өтті.

Е. Баударбек-Қожатаев жапондық қатысушыларға «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық жұмыстарының ілгерілуі және халықаралық көрменің шетелдік құрамы, сондай-ақ отандық экономиканың жапондық инвестциялар мен технологияларды тартуға басымдық салалары туралы айтып берді.

Іс-шараға «ЭКСПО-2017» көрмесін әйгілеу бойынша қолдау тобының мүшесі, жапондық белгілі композитор және орындаушы Камон Тацуо қатысты. К. Тацуо жапон БАҚ өкілдеріне Астанада өтетін көрме жөнінде ән жазу туралы жоспарымен бөлісті.




Яндекс.Метрика