Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

ОСК сайлау құқығы бойынша студенттер арасындағы сауаттылық байқауының жеңімпаздарын анықтады

ҚР Орталық сайлау комиссиясы жастарды құқықтық ағарту жобасың қорытындысын шығарып, Қазақстандағы сайлау процесі мен саулау құқы жайлы үздік жұмыс бойынша магистранттар мен студенттер арасындағы байқаудың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚО ОСК баспасөз қызметі.
Астана қаласы27 Қараша , 11:52

«Байқауға елдің 38 ЖОО-нан студенттері мен магистранттардың жалпы саны 200 жұмысы келіп түсті. Соның ішінде 42 ғылыми жұмыс, 7 ұран, 7 видеоролик өңірлік кезеңнің жеңімпаздары атанып, республикалық байқауға қатысу үшін ОСК-на жіберілді. Сонымен қатар тағы 16 ғылыми жұмыс, 8 ұран мен 9 ролик ОСК-на келіп түсті», - делінген хабарламада. 

Нәтижесінде қазылар 3 номинация бойынша байқаудың 12 жеңімпазын анықтады. Атап айтар болсақ олар «Қазақстан Республикасындағы сайлау прцесі мен сайлау құқы туралы ғылыми жұмыс», «Сайлау компаниясының үздік ұраны» және «Сайлауға қатысты үздік видеоролик» номинациялары.

«Біздің ойымызша, сіздер танытқан еліміздің сайлау заңнамасына деген қызығушылық жас сайлаушылар арасында кеңінен тарауына алғышарт болмақ. Ал оның нәтижесі ретінде жалпы электоральді мәдениет деңгейі өсіп, қазақстандық жастардың қоғамдық-саяси белсенділігі артады деп үміттенеміз», - дейді ОСК төрағасы Тұрғанқұлов.

Айта кету керек, байқауды өткізбес бұрын жастар арасында сайлау жұмысын насихаттау жұмыстары атқарылды.

Жоба аясында демократиялық сайлау процесінің дамуы үрдісі мен тарихы жайлы интерактивті және көпшілік лекциялар ұйымдастырылды, сайлау процесіне жастардың қатысуы мәселесі жайлы пікірталастар, ҚР сайлау құқы негіздері бойынша жас сайлаушылардың сауаттылығын анықтауға бағытталған әлеуметтік зерттеулер жүргізілді.




Яндекс.Метрика