Халықаралық интеграция

Н.Рустемов: Мажарстандық жастар қазақ тілін үйренуге аса қызығушылық танытып отыр

Мажарстандық жастар қазақ тілін үйренуге аса қызығушылық танытып отыр, деді Мажарстан, Македония және Сербиядағы Қазақстанның Төтенше және Тұрақты өкілі Нұрбах Рүстемов СІМ-де өткен баспасөз конференциясында.
Нұр-Сұлтан 28 Маусым, 18:16

«13 миллиондық Мажарстанда 13 нобель лауреаты бар. Бүгінде Сегед  унриверситетінде С витамині ашылды. Бұл университетте алтаистика кафедрасы бар, онда қазақ тілін оқытады. Осы жылы түлектердің бірі қазақ тілінде PhD тапсырды», - деді Н.Рүстемова.

Елшінің айтуынша, қазіргі таңда  200 қазақстандық студент Мажарастанда білім алып жатыр. Оның ішінде 45 адам –  екіжақты үкіметаралық келісім бойынша. 25 адам бакалавриат бағдарламасы бойынша, 20 адам магистратура мен докторантурада білім алады.

«Бүгінде Білім және ғылым министрлігінде келіссөз деңгейінде 200 студентті алмастырып  оқыту жобасы тұр. Өткен жылы Мажарстанның Премьер-Министрі Виктор Орбан  аталмыш ұсынысты енгізді. Осы жылы 45 орынға 300 өтініш берілді. Қазақстандық жастар мажар тілін оқуға қызығушылық танытуда», - деді елші.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика