Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі процеске қатысушылдардың әрқайсысына барынша пайда алуға мүмкіндік береді (БЕЙНЕ)

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі процеске қатысушылардың әрқайсысына барынша пайда алуға мүмкіндік береді, деп ҚР ДСӘДИ Астана қ. Медициналық қызметке ақы төлеу жөніндегі департамент бастығының орынбасары Ләззат Шоманова Strategy2050.kz АА берген сұхбатында мәлім етті.
Нұр-Сұлтан 28 Маусым, 20:13

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылатын болады, ол жерде барлық денсаулық сақтаудың құралдары өзектендіріледі және бұл қорға медициналық қызмет корсету процесінде барлық қатысушыларға қаржыны дұрыс бөлуге сепкі болады»,-деді сарапшы.

Оның айтуы бойынша, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі осы процеске қатысқан әрбір қатысушыға барынша пайда алуға мүмкіндік береді.

«Бірінші кезекте пайданы емделуші алады, өйткені жүйені ұлғайтқаннан кейін медициналық қызметтер жоғары технологиямен және жоғары сапамен жасалатын болады. Медициналық қызметті жеткізуші жасалып жатқан қызметке қаржының өсуінен пайда алады және ол медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге сепкі болады»,-деді ол.

Сонымен қатар, Л.Шоманованың айтуы бойынша, мемлекет дені сау азаматты алады және оларға сапалы медициналық қызмет көрсетіледі.

«Бұл жүйе түрлі деңгейде нақты және сапалы түрде медициналық қызметті жақсартатын болады. Өйткені міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі өз сарапшыларымен бақыланатын болады, өлім жағдайлары медициналық қызметті бақылау комитетінің департаменттерімен қадағаланатын болады және олар тәуелсіз сарапашылармен медицина қызметінің сапасын бақылайтын болады және ол осы жүйеде біздің азаматтарға қол жетімді болып табылады»,-деді сарапшы.

Индира Қауметова

 





Яндекс.Метрика