Өңірлер

Жамбыл облысының әкімі журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады (ФОТО)

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаев өңірдің БАҚ өкілдерімен кездесіп, кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жамбыл 28 Маусым, 19:54

«Облыстың ақпараттық саясаты сіздер арқылы жүзеге асырылады. Бұл бағытта облыстық БАҚ пен өңірлік тілшілердің жұмысы ұйымдасқан. Сіздер арқылы халық өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық маңызды жаңалықтарды біледі. Сіздерді  еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз», - деді аймақ басшысы.

Ол айтып өткендей, облыстың ақпараттық алаңында 52 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс істейді.  33 ресми облыстық сайты мен қалалық, аудандық баспасөз басылымдары жұмыс істейді.

Салтанатты шара барысында облыс әкімінің құрмет грамотасына 6 журналист ие болды. 





Яндекс.Метрика