Басқару

Ж.Қасымбек: 1-тамыздан бастап Қазақстаннан қара металдың сынықтарын шығаруға тыйым салынады

1 тамыздан бастап Қазақстаннан тыс жерге қара металдың сынықтарын шығаруға тыйым салынады. Шара жарты жылға дейін енгізілетін болады, деп бүгін халықпен есептік кездесуін өткізген ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.
Нұр-Сұлтан28 Маусым , 17:08

«Кеше Премьер-Министр Теміртау қаласында тау-кен және металлургия кешені бойынша жиналыс өткізді. Барлық кәсіпорындар осы мәселені көтерді. Үкіметке тиісті ережелер мен бұйрықтарды қабылдау тапсырмасы берілді. Бүгін біріккен бұйрық жасалды және ол меморганда келісімде жатыр. Шығаруға тыйым салу уақыты ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап енгізіледі. Шамамен алғанда алты айға, жылдың соңына дейін»,-деді Ж.Қасымбек.




Яндекс.Метрика