Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Ж.Қасымбек: 2017 жылы Қазақстанның бірқатар автожолдарын ақылы ету жоспарлануда

2017-2018 жылдары Астана – Атбасар – Жақсы, Шымкент – Қызылорда, Астана – Теміртау, Алматы – Қапшағай – Талдықорған, Алматы – Қорғас, Астана – Павлодар автожолдарына ақылы жүйені енгізу жоспарлануда, деді ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек халық алдындағы есептік кездесуінде.
Нұр-Сұлтан28 Маусым , 16:54

««100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында жол-көлік инфроқұрылымы, көлік логистикасы мен әуе тасымалына қатысты заң дайындалып, бекітілген. Ұлт жоспары аясында  оператор ретінде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-на республикалық маңыздағы автомобиль жолдарын дамыту мен қамтуда инвестиция тарту құзіреті берілді»,-деді Ж.Қасымбек.

Ұлттық операторларға инвестиция тарту есебінен үш санаттағы жүк көліктері үшін автожолдарға толық ақылы жүйесі енгізілмек. Сондай-ақ, «Нұрлы жол» автожол жобаларын қайта жаңғыртуға мемлекеттік емес қарыздар тартылатын болады.

«Бұдан бөлек, 7 мың шақырым автожолға ақыны өндіріп алу жүйесі енгізілді. Ақылы жолдан түскен қаржы толығымен автожолды күтіп ұстауға жұмсалады. Бұл өз кезегінде республикалық бюджетке салмақ салмауға мүмкіндік береді. 2015 жылы Астана – Щучинск ақылы жолынан түскен қаржы 1,1 млрд. теңгені құрады. Ал, жалпы 2013-2015 жылдар кезеңінде 2,8 млрд. теңгені құрады»,-деп атап өтті ведомство басшысы.

Оның айтуынша, 2017-2018 жылдары Астана – Атбасар – Жақсы, Шымкент – Қызылорда, Астана – Теміртау, Алматы – Қапшағай – Талдықорған, Алматы – Қорғас, Астана – Павлодар автожолдарына ақылы жүйені енгізу жоспарлануда.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика