Ұлттық экономикамыздың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау

Алматылық кәсіпкерлер өз ісін жалғастыру үшін мемлекеттен қолдау ретінде 1,5 млрд теңге алды

2013 жылдың 9 айы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Алматы қаласындағы филиалы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша алматылық кәсіпкерлерге субсидия жобасы арқылы өз ісін жалғастыру үшін 1,5 млрд теңге берді, деп BNews.kz хабарлады.
Алматы қаласы27 Қараша , 11:49

«3 жыл ішінде бағдарлама бойынша алматылық кәсіпкерлер несие мен субсидия бойынша 4 млрд теңге алды. «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша Алматы қаласының 17 кәсіпкерлігі 62 млн теңгенің субсидиясына ие болды», - деп аймақтық филиалдың директоры Гүлзат Симтикова хабарлады.  

Оның айтуынша, ҚР Үкіметімен арнайы жетекші секторлардың арнайы қолдауы жүзеге асырылады.  

«Кәсіпкерлерден келіп түскен жобаларды қарастыру барысында, біз жеке кәсіпкер компаниясының жағдайын ғана емес, сонымен қатар қаланың дамуына үлесін тигізу бағытын қарастырамыз», - деді Г. Смитикова.

 

 

 




Яндекс.Метрика