«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

2016 жылы «Нұрлы жол» автожол жобаларын жүзеге асыруға 330 млрд. теңге бөлінді – Ж.Қасымбек

2016 жылы «Нұрлы жол» автожол жобаларын жүзеге асыруға 330 млрд. теңге бөлінді, сонымен қатар, Ұлттық қордан 151,3 млрд теңге бөлінді, делінген Инвестиция және даму министрлігінің баспасөз хабарламасында.
Нұр-Сұлтан28 Маусым , 16:13

«Биыл автомобиль жолдарының құрылысы мен қайта жаңғырту қашықтығы 1,7 мың шақырымды құрайды. Жыл бойы құрылыс жұмыстарында 75 мың адам жұмылдырылады.  2017-2019 жылдар кезеңінде «Нұрлы жол» жобаларының барлығында толық масштабты жұмыс жүргізілетін болады. Осы науқанды кезеңде 170-200 мың адамның күші жұмсалмақ»,-деп ақпараттандырды ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек халық алдындағы есептік кездесуінде.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, 2016 жылға «Нұрлы жол» автожол жобаларын жүзеге асыруға 330 млрд. теңге бөлінді, сонымен қатар, Ұлттық қордан 151,3 млрд теңге бөлінген.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика