Басқару

Қазақстанда туроператорлардың жарна қорын құру жоспарлануда

Қазақстанда туризм саласын жақсарту үшін туроператорлардың жарна қорын құру жоспарлануда, ҚР туристік-азаматтарының жағына қолданылатын болады, деп бүгін халықпен есептік кездесуін өткізген ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.
Нұр-Сұлтан28 Маусым , 16:07

Министрдің айтуы бойынша, туризмді дамыту мәселесі әрбір елдің аймағы үшін өзекті болып табылады. Оның айтуынша, ол экономиканың жалғыз саласы.

«Біз 2020 жылға дейін елімізде туризм саласын дамыту тұжырымдамасын жаңарттық. Қазақстанға шетелдік туристердің келуіне жағдайлар жасалуда»,-деді Ж.Қасымбек.

Сондай-ақ, ҚР ИДМ басшысы «ЭКСПО-2017» көрмесіне түристерді тарту үшін іс-шаралар жоспары бекітілгендігін айтты. Ол: Алакөлге туристер ағынын ұлғайту үшін 2016 жылдың 2 шілдесінен бастап Астана-Достық тіркеме вагоны іске қосылатындығын айтып өтті.

«ЭКСПО брендтік қамқорлығымен «Тұран экспресс» пойызын іске қосу жоспарланған. Оның бағыты: Астана-Қарағанды-Алматы-Тараз-Шымкент-Түркістан-Қызылорда-Байқоңыр.

«Сонымен қатар, осы жылы шығыс туризм саласында Қазақстан азаматтарының құқықтарын қамтамасыз ету жүйесін енгізу жоспарлануда. Қор құрылатын болады, ол туроператорлар жарналары есебінен қалыптасқан»,-деді министр.




Яндекс.Метрика