Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Ж.Қасымбек: «Орталық-Шығыс» және «Орталық-Батыс» автожобалары 2020 жылы аяқталады

«Орталық-Шығыс» және «Орталық-Батыс» автожобалары 2020 жылы аяқталады, деді Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек халықпен кездесу барысында.
Нұр-Сұлтан28 Маусым , 15:58

« «Орталық-Шығыс» жобасы – Астана-Өскемен  автожолының құрылысы туралы айтылып отыр. Қазір Астана-Павлодар және Павлодар-Семей-Қалбатау  учаскелерінде жүргізіліп жатыр. Пайдалануға 218 шақырым енгізілді. Осы жылы Астана-Павлодар учаскесі бойынша 200 км жолды ашу жоспарланған, Ертіс арқылы құрылысты аяқтау көзделген.  Қалбатау-Өскемен  Эксим банк есебінен қарызға жөнделеді. Келер жылы біз құрылысты бастаймыз», - деді Ж.Қасымбек.

Ол атап өткендей, «Орталық-Шығыс» жобасы 2020 жылы аяқталады.

« Үшінші ірі жоба – «Орталық-Батыс». Қазір Бейнеу-Ақтау жолында жөндеу жүргізіліп жатыр, оның ұзындығы 470 км. Бүгінде 2552 шақырымының қозғалысы ашылды. Биыл 100 аяқталады. Ақтөбе мен Атырау арасындағы жолдың жөнделуі жүргізіліп жатыр», - деді Ж.Қасымбек.

Оның айтуынша, «Орталық-Батыс» жобасы 2020 жылы аяқталады.

Ботагөз Айтжанова


 

  




Яндекс.Метрика