Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

«Орталық-Оңтүстік» жобасы 2021 жылы толық аяқталады – ҚР ИДМ

«Орталық-Оңтүстік» жобасы – бұл Астана – Алматы жолының құрылысы. Төрт жолақты жол жобасы толығымен 2021 жылы аяқталады, деді ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек халық алдындағы есептік кездесуінде.
Нұр-Сұлтан28 Маусым , 15:52

««Орталық-Оңтүстік» жобасы – бұл Астана – Алматы жолының құрылысы. Қазіргі жұмыстар Астана – Теміртау және Алматы – Қапшағай учаскелерінде жүріп жатыр. Қайта құру жұмыстарын биыл аяқтауды жоспарлап отырмыз»,-деді министр.

Оның айтуынша, бұл жоба құрылысының ең ұзақтығы 888 шақырым. Бұл Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал – Құрты жолдарын келесі жылы халықаралық банктің қарызы есебінен бастау жоспарланып отыр.

«Ал, төрт жолақты жол Астана – Алматы жобасын толық аяқтау 2021 жылға қарастырылған»,-деп хабарлады Ж.Қасымбек.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика