«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

2016 жылы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» авто дәлізін толықтай пайдалануға беру жоспарланған

Ағымдағы жылы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» авто дәлізін толықтай пайдалануға беру жоспарланған, деп ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек халық алдындағы есептік кездесу барысында мәлім етті.
Нұр-Сұлтан28 Маусым , 15:39

«Бүгінгі күні Қазақстанда жалпы қолданып жүрген автомобиль жолдары 96,5 мың шақырымды құрайды, сонымен қатар республикалық желі – 23,7 мың шақырым, жергілікті желі – 72,8 мың шақырым. 2010 жылдан бастап қайта құру жұмыстары жасалды және республикалық маңызы бар 5 мың шақырым автокөлік жолы жөндеуден өтті. Республикалық маңызы бар жолдың 84 пайызы жақсы күйде. Өткен жылы барлық ел бойынша 11 ірі жобаның 8-не құрылысты бастадық»,-деді Ж.Қасымбек.

Ол «Батыс Еуропа - Батыс Қытай», «Орталық-Оңтүстік», «Орталық-Шығыс», Бейнеу-Ақтау, Алматы-Өскемен, Астана-Петропавловск, Ақтөбе-Атырау және Орал-Каменка автомагистраль жолдарының учаскілері.

«Жол-құрылыс жұмыстарымен 2 мың шақырым жол қамтылды. Оған 72 мың адам жұмылдырылды. Жалпы алғанда,2015 жылдың қорытындысы бойынша салынған және қайта құрылғн жолдар – 456 шақырым»,-деді министр.

Сонымен қатар, ведомство басшысының айтуы бойынша, ағымдағы жылы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» авто дәлізін толықтай пайдалануға беру жоспарланған.

«Екі мыңнан астам шақырым құрылды және Шымкенттен Ресей шекарасына дейін қозғалыс ашылды, сонымен қатар Тараз-Алматы, учаскісі ашық. Қазіргі таңда жұмыс Алматы-Хоргос, Шымкент-Ташкент және Шымкент-Жамбыл облысы шекарасының учаскілерінде жүргізілуде»,-деді министр.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика