Өңірлер

2016 жылғы 1-тоқсанда халықтың орта есеппен атаулы ақшалай табысы 69 835 теңгені құрады - ҰЭМ

2016 жылдың 1-тоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 69 835 теңгені құрады және осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен қызметтері бағасының 15,1%-ға өсімі кезінде 2015 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 13,3%-ға өсті, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.
Казахстан28 Маусым , 17:36

 Нақты көріністе халықтың атаулы ақшалай табыстары 2015 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 1,6%-ға кеміді.

«2016 жылдың 1-тоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының ең жоғары мөлшері Атырау облысында, Астана және  Алматы қалаларында байқалып отыр, оларда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 1,7-2,1 есеге асқандығы байқалды», - делінген хабарламада.

Табысы ең төмен өңірлер ретінде Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары белгіленді, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейден 37-40% төмен.
2016 жылдың 1-тоқсанында өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының ең жоғары және ең төменгі шамасы арасындағы арақатынас 3,4 есені құрады (2015 жылғы 1-тоқсанда – 3,3 есе).

 




Яндекс.Метрика