Өңірлер

Ақмола облысының әкімі журналистер арасында өткен «Алтын қалам» байқауының жеңімпаздарын марапаттады

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин аймақтағы БАҚ өкілдерімен кездесіп, байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесімен құттықтады. Облыс басшысы журналистердің аймақтағы қоғамдық-саяси жағдайларды жариялауда өлшеусіз үлес қосып келе жатқандарын айтып, оларға шығармашылық табыс, денсаулық, отбасыларымен бақытты ғұмыр кешулерін тіледі, деп хабарлады аймақ әкімдігінен.
Ақмола 28 Маусым, 19:16

«Сіздердің кәсіби жоғары біліктіліктеріңіз бен өз істеріңізге деген адалдықтарыңыздың арқасында халықтың ақпараттану деңгейі артып, адамдардың бір-бірімен байланыс аясы кеңеюде.

Биылғы жылы Қазақстан өз тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өткелі отыр. Осы ширек ғасыр уақыттың ішінде еліміз ауыз толтырып айтарлықтай көптеген жетістіктерге қол жеткізді және сол жетістіктерде сіздердің де қосқан қомақты үлестеріңіз бар. Сіздердің таланттарыңыз бен іскерліктеріңіз, жоғары моральдық ұстанымдарыңыз Мемлекет басшысы алға қойған биік міндеттерді жүзеге асырып, Отанымыздың гүлденіп өркендеуіне одан әрі де көмектесе береді деп сенемін», - деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.

Салтанатты шара барысында, «Алтын қалам» байқауының қорытындысы шығарылды. Оған облыстағы республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері мен ардагер журналистер  бірнеше номинация бойынша қатысты. Байқау кезінде телевизия, баспасөз және электронды БАҚ саласындағы ең үздік деген шығармашылық жұмыстар таңдалып алынды.

Байқау жеңімпаздары облыс әкімінің Алғыс хаты, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.





Яндекс.Метрика