Өңірлер

СҚО әкімі білім беру сапасын жақсарту бойынша жоспар әзірлеуді тапсырды

Облыс әкiмi бiлiм беру сапасы жөнiнде жиналыс өткiздi, деп хабарлады СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстан28 Маусым , 17:54

Облыс әкiмдiгiнде бiлiм беру мекемелерiнiң мемлекеттiк аттестаттаудан өтуi жөнiнде жиналыс өткiздi.

Жиналысты ашқан Ерiк Сұлтанов 2015-2016 оқу жылында облыстың 129 бiлiм беру мекемесi мемлекеттiк аттестаттаудан өткенiн атап өттi.

Оның өту қорытындысы туралы бiлiм беру саласын бақылау департаментiнiң басшысы Ерлан Әбiлдинов баяндады.

«Аттестаттаудан 16 мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымы, 106 мектеп пен 7 техникалық және кәсiби бiлiм беру ұйымы өттi», — дедi Ерлан Слямбекұлы.

Ерлан Әбiлдинов бiлiм беру саласында мұғалiмдердiң жұмысының нәтижелiгiн анықтау үшiн iшкi бақылауды енгiзу қажет деп есептейдi. Сондай-ақ, олардың қызметiнiң басым бағыттарын анықтау мақсатында педагогикалық ұжымдардың жұмысын бағалауды жүргiзудiң қажеттiлiгiн атап өттi.

Бiлiм беру басқармасының басшысы Шолпан Қаринова бiрқатар мектептердiң мемлекеттiк аттестаттаудан өтпеуiнiң болуы мүмкiн себептерi туралы баяндады.

Кейiн облыс әкiмiнiң орынбасары Анархан Дүйсенова сөз сөйледi. Ол оқу үрдiсiне оқушылардың ата-аналарын белсендi түрде қатыстырудың маңыздылығын атап өттi.

Жиналысты қорытындылай келе СҚО әкiмi бiлiм басқармасы басшысына бiлiм беру сапасын арттыру жөнiнде ұсыныстарды дайындауды тапсырды.

«7 шiлдеге дейiн бiлiм беру сапасын жақсарту бойынша iс-шаралар жоспарын ұсыну қажет», — дедi Ерiк Сұлтанов.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика