Астана күні

Елорда күніне орай үрмелі аспаптар оркестрлерінің фестивалі өтеді

Елорда күніне орай Астана қаласында 4-6 шілде аралығында VII «Астана самалы» халықаралық үрмелі аспаптар оркестрлерінің фестивалі өтеді. Аталған шара астаналықтарды бірнеше жылдан бері қуантып келеді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы29 Маусым , 20:42

Биыл Астана қаласының әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының, ҚР Ұлттық ұланының, Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының, Тагилдың «Тагил- BEND» және Ресейдің Муниципалды Оренбургтің үрмелі аспаптар оркестрлері өз өнерлерін ортаға салады. Фестивальдің арнайы қонағы – 1976 жылы ежелгі жалаумен ойнау өнерін жандандыру мақсатында құрылған Storici Sbandieratori delle Contrade di Cori фольклорлық тобы. Бұл топ Қайтар өрлеу дәуірінің керемет костюмдерін киіп, өткен заманның ғажайып жай-күйін қалыптастырады. Трубаның таза дыбысы, дауылпаздардың ырғақты дабылы, орындаушылықтың ойнақылығы көрермендерді таң қалдырып,  шаттыққа бөлейді.

Концерттің ашылуы 4 шілде күні сағат 20.00-де қалалық алаңда өтеді. 5 шілдеде сағат 11.00-де қала әкімдігінің алдындағы алаңда плац-концерт, осы күні кешке «Бәйтерек» монументінің сахнасында бэнд-марафон ұйымдастырылады. Барлық ұжымдар өнер көрсететін фестивальдің «Астана самалы - 2016» соңғы шеру-концерті 6 шілде күні сағат 11.00-де Әскери-тарихи музейден бастап Республика даңғылының бойымен «Жастар» сарайына дейін өтеді.

 




Яндекс.Метрика