Инвестициялар

Ұ.Қарабалин: 10 жыл ішінде Қазақстан экономикасына құйылған жапон инвестициясының көлемі 4,5 млрд доллардан асты

10 жыл ішінде Қазақстан экономикасына құйылған жапон инвестицияларының көлемі 4,5 млрд доллардан асты, деді KAZENERGY Қауымдастығының төрағасы Ұзақбай Қарабалин «Болашақ энергиясы және жапон технологиясы» Қазақстан-Жапония семинары барысында.
Нұр-Сұлтан28 Маусым , 13:42

«Жыл өткен сайын біздің елдер арасындағы ынтымақтастық дамып, тауар айналымы өсуде, 2015 жылы ол 1,4 млрд долларды құрады,соңғы 10 жыл ішінде  Қазақстан экономикасына  құйылған  жапон инвестицияларының көлемі 4,5 млрд доллардан асты. Инвестицияның негізгі  үлесі уран өндіру ге байланысты болғандықтан, біздің елдерде  энергетикалық және мұнайгаз саласында ынтымақтасудың маңызы мен әлеуеті зор», - деді Ұ.Қарабалин.

Мұнайгаз саласы жолдардың тоғысында тұр, соңғы жылдардың оқиғалары барлау мен мұнай және газ өндіру саласына айтарлықтай әсерін тигізді», - деді ол.

«Мұнай және газ саласы ең маңызды стратегиялық энергия ресурсы болып отыр. Сондықтан да, жаңа мәселелердің шешілуіне, оның ішінде – мұнай өңдеу және мұнай химия салаларында тиімді технологияларды қолдануды енгізу.Біздің ел полимер өндіруге ден қоюды жоспарлауда», - деді Ұ.Қарабалин.

Сарапшы айтып өткендей, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясматты жүзеге асыруда Елбасы  мұнайхимия өңдеу саласының өсімін қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика