Үкімет

Д.Назарбаева: Қазақстанда жұмыспен қамту және еңбек нарығын тұрақтандыру бойынша барлық бағдарламалардың толық ашықтығын қамтамасыз ету қажет

Жұмыспен қамту және еңбек нарығын тұрақтандырудың барлық бағдарламаларынан экономикалық нәтижені есептеу қажет, деп ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева ҚР Үкіметінің отырысы барысында мәлім етті.
Нұр-Сұлтан28 Маусым , 13:21

«Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша және жалпы жұмыспен қамту мәселесі бойынша Үкіметпен үлкен жұмыс жасалуда, үлкен қаржы ресурсы бөлінуде, бұл жерде мәселе тек нәтижелік пен тиімділігінде. Шағын несие беру өте маңызды, ол халықтың экономикалық белсенділігін ынталандырады және бұл жерде жергілікті органдар осы қаржыны оңтайлы қолдануларына көңіл бөлулері керек. Игерушілік сомасына ғана көңіл бөлінбеді, сонымен қатар, оның нәтижесіне де, ал оларды сапасына орай санауға болады, мысалға айтып өтетін болсам, өнімнің физикалық көлемі, салықтар мен әлеуметтік төлемдер шегерімі. Бүгінгі күні Үкіметте, Денсаулық сақтау министрлігінде осындай ақпарат жоқ»,-деді Д.Назарбаева.

Жалпы , оның айтуы бойынша, жұмыспен қамту және еңбек нарығын тұрақтандырудың барлық бағдарламаларынан экономикалық нәтижені есептеп отыру керек.

«Бұл қаржының бір бөлігі салық және әлеуметтік аударымдар бойынша бюджетке қайтарылуы тиіс, тауар айналымы және халықтың сатып алуы ұлғаюы керек . Осы тұрғыда бізде нақты статистикалық мәлімет жоқ, және мен бұл қаржыны игеру үрдістерінің қалай бақыланатындығын анықтаған кезімде – ДСӘДМ –де өзекті түрде мониторинг жұмыстарын атқаратын және осы қаражатты игеру үдерісін бақылайтын жеткілікті өкілеттіктерінің жоқ екендігін анықтадым. Бұл жерде жаңа деңгейде министрлік пен жаңа әкімдіктер арасында өзара қарым-қатынасты орнату керек шығар»,- деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Осылайша, Д.Назарбаева сөз барысында барлық осы жобалар бойынша, нақты айтқанда инфрақұрылымға жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша, шағын несие беру бойынша толық түрде ашықтықты қамтамасыз ету керектігін айтып өтті.

«Министрлік осы жұмысқа жергілікті басқарушы органдарды, қоғамдық кеңесті, БАҚ  және мәслихатты  белсенді түрде қатыстыруы керек»,-деді ол.

Өз кезегінді ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов аталмыш мәселені бақылауға алуға тапсырма берді.

«Мен сіздің ұсынысыңызды қолдаймын және оны бақылауға алып, ұсынысқа енгізу керек»,-деде Премьер-Министр.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика