Парламент

Қазақстандық әуетасымалдаушылар шетелдік компаниялардың әуе кемелерін жалдауды шектейді

Қазақстандық әуетасымалдаушылар шетелдік компаниялардың әуе кемелерін жалдауды шектейді, деді Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау.
Нұр-Сұлтан28 Маусым , 13:09

Бұл норма  Мәжiлiстегі  «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында қаралды.

«ААХО қосымшасына сәйкес Қазақстан әуе тасымалдаушыларының шетелдiк авиакомпаниялардың әуе кемелерiн жалдау мәселесiнiң маңызы зор.Заң жобасының негiзiне Канада тәжiрибесi алынған. Яғни, бұл жағдайда жалдау уақыты жылына 2 айдан аспайды және жалға алынған әуе кемелерiнiң саны авиакомпанияның бүкiл авиация паркiнiң 20 пайызынан аспайды. Осылайша, Қазақстан үлесi артады, бiлiктi мамандардың кепiлдендiрiлген жұмыс орындары сақталады, салық түсiмдерi де қалады, туристiк авитасымалдаушыларға бақылау орнатылады», - деді А.Рау.

Заң жобасы рейстердің қауiпсiздiк деңгейiн арттыру, авиацияның жаңа түрлерiне мемлекеттiк реттеудi енгiзудi және 7 заң актiсi, 3 кодекс пен 4 заңға 286 түзету енгiзудi қамтиды.

Анар Тәңірқұлова

 

 




Яндекс.Метрика