Үкімет

ҚР Премьер-Министрі дағдарысқа қарсы жаңа шара бойынша мемлекеттік комиссияның есебін қабылдады

Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев дағдарысқа қарсы жаңа тәсіл бойынша өткен мемлекеттік комиссияның отырысы қалай болғаны туралы айтып берді.
Нұр-Сұлтан28 Маусым , 13:02

«Сіздің тапсырмаңыз бойынша бүгін мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Қазіргі уақытта Энергетика министрлігінің желісі бойынша Қашаған кен орынында кестеге сәйкес іске қосу мен жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Министрлік 2016 жылдың қазан айында жаңа өнім алуды күтіп отыр»,-деп хабарлады Қ.Бишімбаев.

«Ұлттық экономика министрлігі бүгін көмірсутекті шикізат өндіруді арттыруға мүмкіндік беретін экономикалық сараптаманы Шұбат, Үшқұдық, Шығыс Мәртөк, және Көкжеде кен орындарына берді. Сонымен қатар, осы жылдың соңына дейін мұнай өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді»,-деді ол.

Сондай-ақ, энергетика және инвестиция және даму министрлігі бойынша да шешім қабылданды.

«2016 жылы мұнай өңдеу көлемін арттыру бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстары оңтайландырылды. Мүндай шешімді энергетика министрлігі қабылдады. Павлодар зауытында жөндеу жұмыстарының мерзімі 5 күнге, шымкент зауытында 18 күнге қысқартылды»,-деп хабарлады Қ.Бишімбаев.

Сондай-ақ Бишімбаев «Бәйтерек» холдингі комиссия отырысында К.Мәсімовке 155 млрд. теңгені шағын және орта бизнесті қолдауда қалай игерілетіні туралы баяндағанын атап өтті. 




Яндекс.Метрика