Парламент

Қазақстанда авиациялық ұжымның медициналық куәландыру талабын күшейту жоспарлануда

Мәжiлiс «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарады. Заң жобасына сәйкес, авиаперсоналдың денсаулығына қатысты жалған ақпарат берген медициналық сарапшыларға әкiмшiлiк жауапкершiлiк қарастырылады.
Нұр-Сұлтан28 Маусым , 12:43

«Заң жобасы рейстердің қауiпсiздiк деңгейiн арттыру, авиацияның жаңа түрлерiне мемлекеттiк реттеудi енгiзудi және 7 заң актiсi, 3 кодекс пен 4 заңға 286 түзету енгiзудi қамтиды. Өзгерiстер техникалық, нақтылау сипатқа ие, сондықтан керi әлеуметтiк зардаптарға әкелмейдi. Өзгерiстер халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесi туралы кодекске авиация қызметкерлерiнiң денсаулығына қатысты енгiзiлмек. Сондай-ақ, авиаперсоналдың денсаулығына қатысты жалған ақпарат берген медициналық сарапшыларға әкiмшiлiк жауапкершiлiк қарастырылмақ. Жалған ақпарат бергенi үшiн 100 айлық есептiк көрсеткiш, қайталанған жағдайда 200 айлық есептiк көрсеткiш айыппұл салынбақ», - дейдi А.Рау.

Сондай-ақ, заң жобасы аясында авиациялық қауіпсіздік үшін жауапкершілік енгізу қарастырылуда. Айта кетейік, әрекеттегі заңда ұйымдардың әкімшілік жауапкершілігі қарастырылған.

«Қазақстан әуе тасымалдаушыларының шетелдiк авиакомпаниялардың әуе кемелерiн жалдау мәселесiнiң маңызы зор. Заң жобасының негiзiне Канада тәжiрибесi алынған. Яғни, бұл жағдайда жалдау уақыты жылына 2 айдан аспайды және жалға алынған әуе кемелерiнiң саны авиакомпанияның бүкiл авиация паркiнiң 20 пайызынан аспайды. Осылайша, Қазақстан үлесi артады, бiлiктi мамандардың кепiлдендiрiлген жұмыс орындары сақталады, салық түсiмдерi де қалады, туристiк авитасымалдаушыларға бақылау орнатылады», - деді ол.

Осы орайда, халықаралық тәжірибеге сәйкес, авиациялық әкімшілендіруге авиациялық медициналық орталықтарды сертификациялау қарастырылуда.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика