Парламент

Мәжілісте авиация саласында қызмет көрсету сапасын арттыруды қарастыратын заң жобасы таныстырылды

ҚР Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы таныстырылды.
Нұр-Сұлтан28 Маусым , 12:36

«Қазіргі заманға сай авиациялық индустрия жағдайында ерекше орынды шағын авиация саласы алады, яғни, 5 тонна 700 кг және одан төмен болатын әуе кемелері сертификатталды. Оның дамуына жағдай жасау мақсатында мемлекеттік қызметтерді қоғамдық бірлестіктерге беру ұсынылады.  Сонымен қатар, осындай мамандықтар мен соттарға деген талаптарды азаматтық авиация саласындағы өкілетті орган бекітіп отыратын болады, ал барлық үдеріс авиациялық әкімгшілік тарапынан әрдайым бақылауға алынатын болады»,-деді ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау.

Оның айтуы бойынша, осындай түрді авиацияны танымал қылдыру үшін аэронавигациялық алымдардың терімінен бостау көзделеді.

«Ұшқышсыз әуе кемесінің құқықтық реттеу қажеттілігі азаматтық және мемлекеттік авиация саласында уәкілетті органдармен тіркелгеннен кейін енгізу жоспарлануда»,-деді ол.

«Заң жобасы рейстердің қауiпсiздiк деңгейiн арттыру, авиацияның жаңа түрлерiне мемлекеттiк реттеудi енгiзудi және 7 заң актiсi, 3 кодекс пен 4 заңға 286 түзету енгiзудi қамтиды. Өзгерiстер техникалық, нақтылау сипатқа ие, сондықтан керi әлеуметтiк зардаптарға әкелмейдi. Өзгерiстер халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесi туралы кодекске авиация қызметкерлерiнiң денсаулығына қатысты енгiзiлмек. Сондай-ақ, авиаперсоналдың денсаулығына қатысты жалған ақпарат берген медициналық сарапшыларға әкiмшiлiк жауапкершiлiк қарастырылмақ. Жалған ақпарат бергенi үшiн 100 айлық есептiк көрсеткiш, қайталанған жағдайда 200 айлық есептiк көрсеткiш айыппұл салынбақ», - дейдi А.Рау.+

Сондай-ақ, вице-министрдiң айтуынша, Қазақстан әуе тасымалдаушыларының шетелдiк авиакомпаниялардың әуе кемелерiн жалдау мәселесiнiң маңызы зор. Заң жобасының негiзiне Канада тәжiрибесi алынған. Яғни, бұл жағдайда жалдау уақыты жылына 2 айдан аспайды және жалға алынған әуе кемелерiнiң саны авиакомпанияның бүкiл авиация паркiнiң 20 пайызынан аспайды. Осылайша, Қазақстан үлесi артады, бiлiктi мамандардың кепiлдендiрiлген жұмыс орындары сақталады, салық түсiмдерi де қалады, туристiк авитасымалдаушыларға бақылау орнатылады.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика