Үкімет

ДСӘДМ: 2016 жылы 12 мың жұмыс орынын құратын 9 мыңнан астам адамға шағын несие беріледі

2016 жылы 9 мыңнан астам адамға шағын несие беру жоспарланған. Осы арқылы 12 мың жұмыс орыны құрылады, деп күтілуде, деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова ҚР Үкіметінің отырысында.
Нұр-Сұлтан28 Маусым , 12:31

Министрдің ақпаратынша, шағын несиелеу биыл үш жоба бойынша жүргізілмек. Бірінші жоба – АШМ тұжырымдамасы  бойынша.

«Ауыл шаруашылық кооперативтері құрылады. Жұмыспен қамту жол картасына қатысушылар құрылған кооперативке өздерінің несие немесе туар үлестері арқылы шаруа қожалығы формасында міндетті тіркеуге тұрып, қосылатын болады. Осы жоба бойынша 100 млн теңге сомасындағы несиені 46 адам алды»,-деді ол.

Екінші жоба «Нұр Отан» партиясымен бірге жүзеге асырылады және «Ауылдағы жұмыспен қамту» деп аталады. Несиелеу сомасы 6 млн. теңгеге дейін өсті. Оған қатысушылар шаруа қожалығы ретінде тіркелулері керек.

«Биыл аталмыш жоба 5 аймақта жүзеге асуда. Олар: Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары. Бүгінгі таңда 176 адам 1 млрд. теңгеден астам сомада несие алып үлгерді»,-деп атап өтті министр.

Және соңғы үшінші жоба «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында атқарылатын болады.

«Шағын несие сомасы 3 млн. теңге. Несие алушы шаруа қожалығы немесе жеке кәсіпкер ретінде міндетті тұлғалық тіркеуге тұрады. Бүгінгі таңда 1,6 мың адам 3,5 млрд. теңгеден астам сомада несие алды»,-деп хабарлады министр.

Осылайша, биыл 9 мыңнан астам адамға шағын несие беру жоспарлануда.

«Осы арқылы 12 мың жұмыс орыны құрылады, деп күтілуде»,- деп қортты сөзін министр.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика