Үкімет

Т.Дүйсенова: ЖҚЖК бойынша биыл білім алуға грант бөлу мен уақытша субсидиялаудың жаңа әдістері қарастырылған

Бүгінгі таңда жұмыс істейтін жастың 105 адамы кәсіптік білім алуда, ал 246 адам 55-64 жас аралығында біліктілікті арттыруда. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Үкіметтің отырысында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан28 Маусым , 11:46

«Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасында жаңа құралдар қарастырылған. Нақтырақ айтқанда, бiлiктi мамандардың табыс шығынының үштен екi бөлiгiн уақытша субсидиялау, жұмыс берушiлерге оқытуға грант бөлу, сондай-ақ, жұмыс iстеп жүрген жастарды оқыту. Бүгiнгi күнi бiлiктi қызметкерлердiң табыс шығынын субсидиялауға 14 кәсiпорыннан 3 мың қызметкер үшiн өтiнiш түстi.

Бүгiнгi күнi бұл мәлiметтер тексерiлiп жатыр. Алдағы уақытта олардың тiзiмi Дариға Назарбаева төрағалық ететiн ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралады», - деп баяндады Т.Дүйсенова.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, бүгiнде жұмыс iстеп жүргендердiң қатарынан 105 адам кәсiптiк оқуға жiберiлген. Бұл орайда, жұмыс берушi олардың орнын сақтап қалуы тиiс.

«55-64 жас аралығындағы жұмысынан айрылып қалған 246 азамат қайта дайындықтан өтiп, қызметтер саласы үшiн бiлiктiлiгiн арттырып жатыр», - дейдi министр.




Яндекс.Метрика