Халықаралық интеграция

Астанада Қазақстан мен Швейцария арасында саяси консультациялар өтті

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың және Швейцария Сыртқы істер федералдық департаменті Еуропа және Орталық Азия елдері, Еуропа одағы және ЕҚЫҰ бөлімінің басшысы, елші Николас Брюльдің тең төрағалығымен Қазақстан-Швейцария саяси консультацияларының кезекті раунды өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан28 Маусым , 14:48

Консультациялар барысында тараптар екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ БҰҰ және ЕҚЫҰ аясындағы өзара әрекеттестікті, тараптардың ядролық қаруды таратпауға үлестерін, терроризмге және радикализацияға қарсы күресті, адам құқықтарын қорғау саласындағы мәселелерді ілгерілетуді қоса алғандағы өзекті халықаралық проблематиканы талқылады.

Р. Василенко Швейцарияның Қазақстандағы елшісі Мауро Рейнаға екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін және дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан құрмет грамотасын табыс етті.

 




Яндекс.Метрика